Хирург дәрігерінің телефоны шырылдады:
- Иә, тыңдап тұрмын.
- Өтінемін, тез ауруханаға жетіңіз.. Бір науқас бала өлім аузында жатыр.. Дереу операция жасау керек..
- Бара жатырмын, - деді де көлікке отырып, ауруханаға тартты..
Оны есік алдынан, хал үстінде жатқан баланың әкесі күтіп алды.
- Неге кешігіп жүрсіз?! Балам өлейін деп жатыр! Егер оның орнында өзіңіздің балаңыз болса да осылай жүресіз бе?!
- Суық хабарды ести салысымын, дереу осында жеттім! Уайымдамаңыз! - деді де, операция жасау бөлмесіне кіріп кетті.. Операция уақыты ұзаққа созылды.. Күрделі операция..
Операция аяқталған соң, дәрігер бөлмеден шыға салып, науқастың әкесінің жанынан үнсіз өтіп кетті.. Оның артынан дәрігердің көмекшісі шықты да:
- Уайымдамаңыз, әкесі.. Сіздің балаңыз аман қалды! Ол өмір сүретін болады, - деп жақсы хабарды жеткізді.. Науқастың әкесі қатты қуанды, бірақ бас дәрігер туралы былай деді:
- Бас дәрігер неткен қатал адам еді?! Ең болмаса жақсы хабарды жеткізбеді ғой..
- Жоқ! Сіз қателесесіз! Ол өте жақсы кісі! Оның баласы жол апатынан қаза тапты! Бүгін жерлеу рәсімі өтуде.. Ол соның барлығын тастап, сіздің балаңызға операция жасау үшін дереу осында жетті..