Атағы жер жарған профессор оқушыларына сабақ өтіп тұрды. Бірде ол оқушыларынан:- әлемдегінің барлығын құдай жаратты ма?- Деп сұрады. Бір оқушы қол көтеріп батыл түрде:- иә, барлығын құдай жаратқан деп жауап берді. Профессор: - барлығын құдай жаратқан болса онда әлемдегі жауыздық атаулыны да құдай жаратқан болды ғой, солайма?- деп сұрады. Оқушы күмілжіп үндей алмай қалды. Масаттанған мұғалім құдайдың жоқтығын дәлелдеп бергеніне сенімді еді. Осы сәтте арт жақта отырған бір оқушы қолын көтеріп: - мұғалім, сізге бір сұрақ қоюға болама?- деп сұрады. -иә, сұрай беріңіз- деді профессор .Оқушы : -мұғалім, өмірде суық барма? Деп сұрады. Профессор: -бұл не дегенің, әрине суық бар, сен өміріңде жаурап көрмеппе едің?- деді. - мұғалім қателестіңіз, өмірде суық өмір сүрмейді, біз тек жылу энергиясының заңдылықтарын ғана өлшеп біле аламыз, ал суық туралы еш заңдылық жоқ. “суық” тек энергияның жеткіліксіз аймагын бейнелеу үшін қолданылатын атау ғана. Мұғалім, өмірде қараңғылық өмір сүреме?- деп сұрады тағы, мұғалім: иә- деді таңғалған бейнемен. - жоқ мұғалім, сіз тағы қателестіңіз, қараңғылық өмір сүрмейді , біз жарық жылдамдығын, толқын ұзындығын, күшемелігін өлшеп заңдылық жарата аламыз, ал қаранғылық туралы ештеңе өлшей алмаймыз. Ол тек жарықтың жеткіліксіз аймағын бейнелеу үшін қолданылатын атау ғана…. Мұғалім, құдай барма? – деп сұрады. - құдай жоқ – деді күмілжіген профессор . - сіз тағы қателестіңіз мұғалім, құдай бар, ол әлемді жаратушы,ол құдайға сенетін барлық адамдардың жүрегінде. ал жауыздық бейне суық пен қараңғыдық сияқты жүрегінде құдай жоқ адамдардың іс-әрекетінен туған ластық. Сондықтан да жауыздықты ешқашан құдай жаратқан емес. - сен кімсің? Сенің атың кім- деп сұрады тауы шағылған профессор оқушыға жақындап келіп. - Менің атым Алберт Эинштейн-деді оқушы.

Теги других блогов: профессор сұрақтар оқушылар