Киану Ривз 1. Мен өз әйелдерін жеңіл жүрісті әйел сияқты киіндіретін және жасырын болуға тиістіні көпшілікке көрсеткісі келетін ер кісілердің арасында жүре алмаймын. 2. «Уәде беремін» деген сөздерді айтып, уәдесінде тұрмайтын адамдар бар кезде, ар-намыстың қадірі қалмайды. 3. Әйелдер балалы болғысы келмеген уақытта еркектер отбасылы болуды армандамайды. Боқмұрындар әкелерінің көлігін айдай отырып, табыстымын деп ойлаған заманда қолына кішкене билік тисе, сізді жексұрын етіп көрсеткісі келеді. 4. Қолына шарап құйылған ыдысты ұстап тұрып, Жаратқанға сенетінін айтқаны не керек, егер адамның бойында өз діні туралы түсінігі болмаса. 5. Бүгінгі таңда адамдар қызғанышты - ұят, ал қарапайымдылықты - кемшілік деп біледі. 6. Махаббатты ұмытқан адамдар өздеріне лайық жандармен бірге болады. 7. Өз көлігінің бөліктерін жөндеуге келгенде қаражатты да, уақытты да аянып қалмайтын адамдар әдемі көлік олардың аянышты келбетін жасырады деп ойласа керек. 8. Әке-шешесінің ақшасына түнгі клубтарда ішіп уақыт өткізетін жігіттерге қыздар жиі ғашық болады. 9. Бүгінгі әйел мен еркектің еш айырмашылығы жоқ. Олар өз қалауымен жүреді. 10. Мен өз жолымды таңдадым. Бірақ жанымдағы адамдардың мені түсіне алмайтыны өкіндіреді.

Теги других блогов: Киану Ривз әйелдер жүрегім