*А Д А М Ө М І Р І* ✅Адам бәрiн керсiнше iстейдi. Үлкен болғысы келедi, сосын балалық шағы туралы ойлап күрсiнедi. Ақша үшiн денсаулығын құртып, денсаулығын дұрыстау үшiн ақшасын құртады. Болашағы туралы асыға ойлап, қазiргi өмiрiн керек қылмайды, сөйтiп не қазiргi, не болашақ өмiрi жоқ күй кешеді. Ешқашан өлмейтiндей өмiр сүрiп, ешқашан өмiр сүрмегендей өтіп кетеді. *Пауло Коэльо* ✅Есіңде болсын: ауырлықсыз жеңілдеу болмайды, жоғалтусыз табу болмайды, сабырсыз жеңіс болмайды. ✅Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі - не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан; бірі - кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам. *Омар Хайям* ✅Жақсы адам барлығын өзінен іздейді, ақымақ адам оларды басқадан іздейді. *Конфуций* ✅Көздің жасын сүрткенше, сізді жылатқан адамды өміріңізден сүртіңіз. Ешқашан саған сенетін адамды алдама. Cені алдаған адамға ешқашан сенбе. *Бернард Шоу* ✅Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам да болмайды. Сізді жақтырмайтын адамдарға назар аудармауға тырысыңыз. Себебі сізді жақтырмайтындардың екі түрі болады: ақымақтар және қызғаншақтар. Ақымақтар бірнеше жылдан соң сізді жақсы көріп кетеді, ал қызғаншақтар сіздің артықшылығыңыз қандай екенін біле алмай іштен өледі. Адам ақылды болған сайын қарапайым келеді. *Цицерон* ✅Адамға бақытты болу үшін көп нәрсе керек емес. Қамқор өмірлік жолдас, жайлы үй және сүйікті балалары болса жеткілікті. Бірақ көп адам осыны кеш түсінеді... Саған сенген адамдардан теріс айналма. Ақылды адам өзгелердің кемшіліктерін көріп өз кемшіліктерінен арылады. *Сир Публилий* ✅Адасып барып, Таласып талып, Сүрініп сосын ес кірді, Адамның нағыз бақытты шағы, Сүймеген кезі ешкімді... *Мұқағали Мақатаев* ✅Қыран құсты қыран етіп, аспанға самғытқан екі қанаты, ал адамды адам етіп, қырандай самғaтатын, арманы мен мақсаты. Адам бойындағы ең тамаша нәрсе - білім мен ақыл. *Жүсіп Баласағұни* ✅Негізі ең күшті адамдар - сабырлы, салмақты адамдар. Сіз туралы жаман ойлайтындар - сізден әлсіз адамдар. Мықты адамдар сіз жайлы ойлауға уақыттары жоқ. *Шарль Талейран* ✅Жүрегі сұлу адам ғана, өзгелердің бойынан сұлулықты байқайды. Адам кеудесінен жаны шыққанша сенуді тоқтатпау керек. Есіңізден шығармаңыз, әр адамның өз шындығы бар. Ол сіздікімен сәйкес келмеуі мүмкін. Адамның бәрі жұлдыз, бірақ жарқырап жану бәрінің қолынан келмейді. *Мэрилин Монро* ✅Адам жақсыны арман етсе, өмірде бәрі де жақсы болмақ. *М. Горький* ✅Мен адамдардың аштығынан қорықпаймын, Мен адамдардың тоқтығынан қорқамын. *Лев Толстой* ✅Адам үшін үміт – жанармай секілді. Үмітсіз ол өмір сүре алмайды. Адамның ең әлсіз тұсы - бір оның сезімі Адам өзінің кім екендігін жалғыз қалғанда ғана айқын сезе алады. Әр адам — бір-бір жұмбақ . *Шерхан Мұртаза* ✅Өз өмірінің қызығы жоқ адамдар, әдетте басқаның өміріне жағаласады. Адамды бағала - әйтпесе естеліктерді бағалайтын боласың. Түкке тұрғысыз нәрселерді жүрекке қабылдай беретін адам - махаббатқа адал келеді. *Лев Толстой* ✅Барлық адам қателеседі, бірақ қателесушілердің арасындағы ең жақсысы өз қателігін мойындап тәубеге келгені. *Мұхаммед (с.а.с.)* ✅Адамдар біздің жақсылығымызды ұмытады, бірақ істеген қателіктерімізді есіңде мәңгі сақтайды. Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді. *Омар Хайям* ✅Адамдарға сенiң құрғақ сөзiң емес, жасаған iс-әрекетiң маңызды. Аузы жабылмайтын адамның ішінде түк те жоқ. *Оноре де Бальзак* ✅Бақытты адам - өткенге өкінбейтін, болашағынан қорықпайтын және біреудің өміріне араласпайтын адам. Барлық адамның тағдыры бір жерде түйіседі: құл да өледі, қожайын да өледі. © *Жүсіп Баласағұни* ✅Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды. © *Шәкәрім Құдайбердіұлы*